- Жаңартылды 21.04.2025
Иә. Ол үшін Kaspi Travel сервисіне→ Профиль → Жолаушыларым → Жаңа жолаушыны қосу деп өтіп, баланың мәліметтерін енгізіңіз.
Билет сатып аған кезде оны жалғыз жолаушы ретінде таңдаңыз. Бұл ретте рейс мынадай шарттарға сәйкес келуі тиіс:
- Air Astana, FlyArystan немесе Scat әуе компаниясының шарттары;
- Қазақстан бойынша ішкі рейс;
- ұшуға дейін 24 сағаттан көп уақыт бар;
- күндізгі рейс — 6:00-ден 23:00-ге дейін;
- ауысып отырусыз.
Сіз әуежайда балаңызды тіркеуіңіз керек, сондай-ақ оны келген кезде қарсы алуыңыз керек. Ол үшін мынадай құжаттар қажет болады:
Жолаушы баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы
немесе жеке куәлігі.
Ересектердің еріп жүруінсіз, кәмелетке толмаған баланың ұшуына өтініш
Қажет болған кезде бланкіні әуежайдағы тіркеу орнындан алуға болады.
Ата-анасының балаға берген, нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы
Егер еріп жүретін немесе қарсы алатын адам заңды өкіл болмаса.
Шығарып салатын және қарсы алатын адамның жеке куәлігі
Kaspi.kz қосымшасындағы цифрлық нұсқасын пайдалануға болады.
Назар аударыңыз: Билетті сатып алу шарттары мен ұшу ережесін тасымалдаушы белгілейді.
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?