Ұшақ билеттері
  • Kaspi Travel сервисінде 17 жасқа дейінгі баланы ұшаққа алған билетіңізге қоса аласыз.

     

    Ол үшін Сапарларым → Билет мәліметтері деп ашыңыз. «Баланы қосу» деп басып, экрандағы кейінгі әрекеттерді орындаңыз. 

     

    Өтініміңіз бойынша жауап ұшу уақытына байланысты 1-3 сағат ішінде келеді. Шешімі жазылған хабарлама Kaspi.kz қосымшасына келеді.

     

    Билеттің құнын әуе тасымалдаушысы тариф пен баланың жасын ескеріп белгілейді.

    Егер қосымша ақы төлеу талап етілмесе, балалар билеті автоматты түрде қосылады. Олай болмаған жағдайда соманы бір сағаттың ішінде төлеу керек.

     

    Назар аударыңыз:

    • баланы қосқан кезде орынды өзгерту немесе онлайн-тіркеуден өту мүмкін емес;
    • егер ересек адам екі бағытқа билет ресімдесе, балалар екі жаққа да ұшады.
    Жаңартылды 13.02.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?