• Бұл мемлекеттен жәрдемақылар мен төлемдер ғана алуға болатын арнайы шот.
     

    Әлеуметтік Шотқа тыйым немесе басқа да шектеулер қойылмайды.

     

    Kaspi.kz мобильді қосымшасында Әлеуметтік Шотты:

    • Мемлекеттік қызметтер сервисінде аша аласыз.
      «Әлеуметтік Шот» → «Әлеуметтік Шот аштыруды» басып, экранда кейінгі қарапайым қадамдарды орындаңыз.
    • жәрдемақыға құжаттарды ХҚКО-да өткізген кезде аштыра аласыз.
      Азаматтарға арналған үкіметтің қызметкеріне, ақшаны Kaspi.kz-ке алғыңыз келетінін айтыңыз. Телефоныңызға Әлеуметтік Шот ашуға сілтемесі бар хабарлама келеді.

     

    Kaspi.kz-те Әлеуметтік Шот бойынша барлық қызмет комиссиясыз.

     

    Сіз Әлеуметтік Шоттан өзіңіздің Kaspi Gold-ыңызға ақша аудара аласыз және картаның барлық мүмкіндіктерін пайдалана аласыз: зат сатып ала аласыз, ақша аударып, төлемдер жасай аласыз.

     

    Kaspi.kz мобильді қосымшасында шотыңыздағы қаражаттың барлық қозғалысы: ақшаның түскені, Kaspi Gold-қа ақша аударылғаны және қолма-қол, ақшаның алынғаны туралы хабарламаларды тегін аласыз. Сондай-ақ барлық ақпарат Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы «Жеке Банк» сервисінде қолжетімді.

    Жаңартылды 11.10.2021
    Қолданушылардың 94% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?