Иә. Егер ол Kaspi.kz-тің клиенті және жасы 16-дан асқан болса, Kaspi Postomat-тан тапсырысыңызды алып кете алады. Ол үшін оны сенім білдірілген алушы етіп тағайындаңыз. Мұны сатып алғаннан кейін жасауға болады.
Магазин → Тапсырыстарым деп өтіңіз. Қажеттісін таңдап, Тапсырыс мәліметтері → Алушыны қосу деп басыңыз. Оның телефон нөмірін көрсетіңіз - ол Kaspi.kz-те тіркелген болуы тиіс.
Алушыға Kaspi.kz мобильді қосымшасына хабарлама келеді, онда алып кетуге тиісті тауарлар мен оларды сақтау мерзімі көрсетіледі. Ұяшықты ашу үшін Kaspi.kz мобильді қосымшасына өтіп, Kaspi Postomat-тағы QR кодты сканерлеу керек.