• Kaspi Ресторандар сервисінде QR-код арқылы төлем жасағаннан кейін кафе туралы пікір қалдыра аласыз.

     

    Ол үшін Kaspi.kz қосымшасында үстелдегі немесе кассадағы QR-кодты сканерлеп, шотты төлеңіз де, тапсырысқа баға қойыңыз. Осыдан кейін сізге не ұнағанын, не ұнамағанын көрсетіп, толық пікір жазуға болатын парақша ашылады. Егер жағымсыз әсер қалса, мейрамхана сізбен хабарласуы үшін телефон нөміріңізді қалдыруға болады.

     

    «Пікір жіберу» батырмасын басыңыз. Пікір бірден кафе басшысына жіберіледі — ол клиенттерге не ұнайтынын және сервисті қай жерде жақсарту керегін көре алады.

     

    Назар аударыңыз: Kaspi.kz қосымшасы біртіндеп жаңартылады. 

    Жаңартылды 26.02.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?