Мына жағдайларды тексеріңіз:
- смартфонның алдыңғы камерасы жұмыс істеп тұр.
Егер жұмыс істемесе, басқа құрылғыдан фотоанықтаудан өтіңіз немесе жөндеу үшін сервис орталығына хабарласыңыз;
- қосымшада оны пайдалануға рұқсат берілген.
Android-та Kaspi.kz → Рұқсаттар → Рұқсат ету.
iOS-та «Құпиялылық" бөлімін ашыңыз: Камера → Kaspi.kz → Рұқсат беру;
- үй-жай жақсы жарықтандырылған.
Жарықтың бетіңізге біркелкі, көлеңкесіз және сәулесіз түсіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
- смартфон бетіңізге тура қарама-қарсы орналасқан, бетіңіз экрандағы сопақшаға толық сыйып тұр, көзіңіз камераға қарап тұр, ал артыңызда басқа адамдар жоқ;
- камерада шаң, кір, дақ жоқ;
- сізде Kaspi.kz мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы орнатылған.
Егер бұл талаптар орындалса, бірақ әлі-де фотоанықтаудан өте алмасаңыз, жеке куәлігіңізбен Kaspi.kz-тің кез келген бөлімшесіне баруыңыз керек.