SMS алмауыңыздың бірнеше себебі болуы мүмкін:
1. Мына хабарламалар тек Kaspi.kz мобильді қосымшасынаKaspi.kz мобильді қосымшасынаKaspi.kz мобильді қосымшасына келеді:
- бонус есептеу,
- сатып алу, ақша алу, ақша аудару, Kaspi Gold-ты толықтыру,
- пайыз есептеу, Kaspi Депозиттен, ақша алу, оны толықтыру
- Kaspi.kz-тегі «Төлемдер» сервисінде қызмет ақысын төлеу,
- кредит немесе Kaspi Red шотын төлеу,
- Kaspi.kz-тегі Магазинде тапсырыс ақысын төлеу,
- өз шоттарының арасында және Kaspi клиентіне ақша аудару.
Олардың көмегімен сіз ақшаңыздың қозғалысын қадағалап қана қоймай, олардың қауіпсіздігіне сенімді бола аласыз.
2. Мобильді телефоныңыздың нөмірін ауыстырдыңыз.
Оны Kaspi.kz мобильді қосымшасында өзгертуге болады.
Ол үшін бұрынғы нөмірмен авторизациядан өтіңіз. Содан кейін Сервистер → Кіру/Тіркелу деп таңдаңыз. Баптау → Телефон нөмірін өзгерту деп басыңыз.
3. SIM-картаның немесе смартфонның жады толып кеткен.
Жадын тазалап, телефонды қайта жүктеңіз.
4. Телефон өшірілген немесе 24 сағат бойы байланыс аясынан тыс жерде болған.
Егер телефон қазір қосулы болса, кейінгі SMS-тер келе бастайды.
5. Сіз Қазақстаннан тыс жерде болып, роумингті қоспадыңыз.
Егер телефон роумингте болмаса, SMS келмейді. Роумингтің тарифін және бұл қызметтің қосылған-қосылмағанын өзіңіздің ұялы байланыс операторыңыздан біле аласыз.
Егер себептердің бірде-біреуі расталмаса, Kaspi.kz мобильді қосымшасында Kaspi Гид-пен ЧатқаГид-пен ЧатқаГид-пен Чатқа жазыңыз. Біз көмектесуге тырысамыз.
Гид-пен Чатқа