• 2.

    Kaspi.kz мобильді қосымшама Push-хабарламалар келмейді. Не істеу керек?

    Жаңартылды 28.12.2023

    Бірнеше себебі болуы мүмкін:

    1. Қосымшада немесе телефон баптауында Push-хабарламалар өшірілген.
    Kaspi.kz мобильді қосымшасында авторизациядан өтіп, «Баптауға» кіріңіз де, бұл опцияны қосыңыз.

    2. Интернет-қосылыс жоқ.
    Wi-Fi-ды немесе мобильді интернетті тексеріңіз, қосылғаннан кейін жаңа хабарламалар қосымшада келеді.

    3. Өнім бойынша Push-хабарламалар өшірілген.
    Kaspi.kz мобильді қосымшасында «Хабарлама» сервисін ашыңыз.
    Егер өнім атауының қасында сызылған динамиктің суреті болса, ол бойынша қалқымалы хабарламалар өшірілген.
    Оларды қосу үшін iOS-та оның атауының бойынан оңнан солға қарай жүргізіңіз, Android-та оған басыңыз да, ұстап тұрыңыз. Сосын қоңырау белгісін басыңыз.

    4. Мына жағдайларда Push-хабарламалар шықпайды:
    бонус есептеу;

    Kaspi QR-мен төлеу;
    Kaspi.kz-тегі «Төлемдер» сервисінде қызмет ақысын төлеу;
    • Kaspi.kz
    мобильді қосымшасында кредит немесе Kaspi Red шотын төлеу;
    Kaspi.kz-тегі Магазинде тапсырыс ақысын төлеу;
    өз шоттарының арасында және Kaspi клиентіне ақша аудару.
    Хабарлама бар-жоғын тексеру үшін Kaspi.kz мобильді қосымшасында «Хабарлама» сервисін ашыңыз.
     

    Егер бірде-бір себебі расталмаса, Kaspi.kz мобильді қосымшасында Kaspi Гид-пен ЧатқаKaspi Гид-пен ЧатқаKaspi Гид-пен Чатқа  жазыңыз. Біз көмектесуге тырысамыз.

    Kaspi Гид-пен Чат

    Қолданушылардың 86% жауапты пайдалы деді. Жауап пайдалы болды ма?