Ақы төлеу шоты
  • Ақы төлеу шоты — бұл ыңғайлы әрі қауіпсіз сервис, оның көмегімен Kaspi серіктестерінің дүкендерінде Kaspi Gold, Kaspi Red+, Kaspi Бонус немесе кредит арқылы сатып ала аласыз. Онда дүкеннің немесе ұйымның атауы, мекенжайы, телефон нөмірі және сатушының хабарламасы көрсетіледі. 

     

    Kaspi серіктесі алдын ала келіскеннен кейін сізге тура Kaspi.kz қосымшасында шот жібереді, содан кейін оны үйден шықпай-ақ, бірнеше қарапайым әрекетті орындап төлей аласыз. Ол «Хабарлама» сервисіне → «Қашықтан төлеу» деп өтіңіз, сатушы жіберген шотты таңдап, «Төлеу» деп басыңыз.

     

    Жаңартылды 08.09.2025

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?