Kaspi Жұмыс сервисінде «Кабинет» қосымша бетіне өтіп, «Түйіндеме жасау» деп басыңыз.
Содан кейін:
Түйіндеме үшін мамандық пен атауын таңдаңыз
Ол 20-75 таңбадан тұруы мүмкін. Атауын бас әріппен жазуға және жалақыны көрсетуге болмайды.
Қалаған жұмысыңыз туралы ақпаратты толтырыңыз
Жұмыс кестесін, жалақыны теңгемен және ақы төлейтін кезеңді таңдаңыз: бір ай, ауысым, бір күн немесе бір сағат үшін.
Өзіңіз туралы ақпаратты көрсетіңіз
Қажет болған кезде жұмыс іздеушілер телефон соға алатын нөмірді өзгертіңіз. Kaspi.kz мобильді қосымшасында тіркелген нөміріңіз автоматты түрде таңдалады. Оны қалдыра аласыз немесе жаңасын енгізе аласыз.
Фотосуретіңізді қосыңыз (қалауыңызша)
Мына талаптарды сақтаңыз:
- жарық, біркелкі фон;
- біркелкі жарықтандырылған;
- камераға тура қарау;
- бет әлпетінің бейтарап болуы;
- бас киімнің болмауы.
«Түйіндеме жасау» батырмасын басыңыз
Жұмыс берушіде оның қалай көрсетілетінін тексере аласыз. Ол үшін «Алдын ала қарау» деп басыңыз.
Түйіндеме оны бергеннен кейін 5 минутта жарияланады. Kaspi.kz қосымшасында бұл туралы сізге хабарлама келеді.