Жәрдемақы
  • Сіз өтінімді бала туған күннен бастап 18 ай ішінде бере аласыз. Ол үшін сіз Kaspi Gold иесі болуыңыз керек немесе оны жәрдемақыға өтінім беру барысында ресімдеуіңіз керек.

     

    Kaspi.kz қосымшасында Мемлекеттік қызметтер → Жәрдемақы ресімдеу сервисіне өтіп, «Бала тууға байланысты жәрдемақыны» таңдаңыз.

     

    Kaspi.kz сіздің атыңызға Әлеуметтік шот ашып, қажетті мәліметтерді автоматты түрде мемлекеттік органдарға жібереді

     

    Олар өтініміңізді 4 жұмыс күні ішінде қарайды. Сіз оның күйін Мемлекеттік қызметтер → Өтінімдерім сервисінде тексере аласыз. Сондай-ақ сізге Kaspi.kz қосымшасына мемлекеттік органдардың шешімімен хабарлама келеді.

    Жаңартылды 19.08.2026

    Қолданушылардың 99% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?