Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін аударымдар
  • Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам табысынан мынадай аударымдар мен жарналарды төлейді:

     

    міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) — 1%;

    жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) — 1%;

    әлеуметтік аударымдар (ӘА) — 1%, 7 ең төменгі жалақының (ЕЕЖ) 1%-ынан аспайды;

    міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС) — 1%.
     

    Төлеу мерзімі — есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 25-іне дейін.

    Мысалы, қазан айындағы табыс үшін төлемді 1–25 қараша аралығында жасау керек.

     

    Төлем кешіктірілсе, әр күн үшін өсімпұл есептеледі.

     

    Назар аударыңыз: егер белгілі бір айда табыс болмаса, аударымдар мен жарналарды төлеудің қажеті жоқ.

    Жаңартылды 20.03.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?