Жүргізуші куәлігін ауыстыру
  • Құжатты беру туралы шешімді мемлекеттік органдар қабылдайды. Бас тартудың бірнеше себебі болуы мүмкін:
     

    • шоттарыңызға шектеу қойылған.

      Шотыңызға кім шектеу қойғанын мемлекеттік органдардың сайтында салық берешегі туралы мәліметтерде және сот өндірісі бойынша борышкерлердің тізілімінде білуге болады;
       

    • медициналық анықтама жоқ.

      № 073/е анықтама үшін медициналық тексеруден өтіңіз. Дәрігер анықтаманы мемлекеттік деректер базасына енгізгеннен кейін сізге Kaspi.kz қосымшасына хабарлама келеді. Құжаттың дайын болу мерзімін медициналық мекемеде нақтылауға болады.
       

    • фотосуреттің сапасы нашар.

      Жаңа фотосуретпен қайта өтінім беріңіз немесе мамандандырылған ХҚКО-ға барыңыз;
       

    • сапасы нашар қолтаңба.

      Қайта өтінім беріп көріңіз;
       

    • дайын жүргізуші куәлігі бар.
       

    Kaspi.kz қосымшасында мемлекеттік бажға төлегенген ақша бір сағатта Kaspi Gold-ыңызға түседі.

     

    Бас тарту себебін білу үшін 1414 нөміріне хабарласа аласыз. Бұл – Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің жедел желісінің телефоны.

    Жаңартылды 26.02.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?