Kaspi.kz / Клиенттер үшін Kaspi Гид / Мемлекеттік қызметтер / Жүргізуші куәлігін ауыстыру Жүргізуші куәлігін ауыстыру
  • Иә. Сіз құжаттың қолданылу мерзімінің аяқталуын күтпей-ақ, Kaspi.kz мобильді қосымшасында жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтінім бере аласыз.

     

    Ол үшін Мемлекеттік қызметтер → Жүргізуші куәлігін ауыстыру сервисін ашып, экрандағы кейінгі әрекеттерді орындаңыз.

     

    Мемлекеттік органдар куәлікті ауыстыруға өтініміңізді жұмыс уақытында бір сағаттың ішінде қарастырады. Сіз оның күйін Мемлекеттік қызметтер →Өтінімдерім сервисінде тексере аласыз.

     

    Kaspi.kz мобильді қосымшасында сізге шешімі бар хабарлама келеді. Хабарламада мамандандырылған ХҚКО-ның мекенжайы көрсетіледі, ол жерден жаңа жүргізуші куәлігін алып кете аласыз. Өзіңізбен бірге құжаттың ескі нұсқасы болуы керек. Бас тартқан жағдайда, смартфоныңыздың экранынан себебі мен кейінгі ұсынымдарды көресіз.

     

    Жаңа жүргізуші куәлігін кезексіз алу үшін мамандандырылған ХҚКО-ның қызметкеріне Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы құжаттың берілуге дайын екені туралы хабарламаны көрсетіңіз.

     

    Содан кейін сізге Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Мемлекеттік қызметтер → Цифрлық құжаттар сервисінде цифрлық құжат кез келген уақытта қолжетімді болады. Сіз оны көлігіңізді сақтандырған кезде немесе жол полициясы қызметкерінің сұратуымен пайдалана аласыз.

    Жаңартылды 05.09.2024
    Қолданушылардың 95% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?