Жүргізуші куәлігін ауыстыру
  • Мемлекеттік қызметтер сервисіне→ Жүргізуші куәлігін ауыстыру деп өтіп, экрандағы әрекеттерді орындаңыз.

     

    Мемлекеттік органдар өтініміңізді жұмыс уақытында бір сағаттың ішінде қарастырады. Сіз оның күйін Мемлекеттік қызметтер сервисі → Өтінімдерім бөлімінде тексере аласыз.

     

    Kaspi.kz қосымшасында сізге мемлекеттік органдардың шешімі жазылған хабарлама келеді. Хабарламада МХҚКО-ның мекенжайы көрсетіледі, ол жерден жаңа жүргізуші куәлігін алып кете аласыз.

     

    Өзіңізбен бірге құжаттың ескі нұсқасы болуы керек. Бас тартқан жағдайда, смартфоныңыздың экранында себебі мен кейінгі әрекеттер бойынша ұсынымдар көрсетіледі.

     

    Жаңа жүргізуші куәлігін алу үшін МҚКО-ның қызметкеріне Kaspi.kz қосымшасындағы құжаттың берілуге дайын екені туралы хабарламаны көрсетіңіз.

     

    Сіз оның цифрлық нұсқасын кез келген уақытта мысалы, көлігіңізді сақтандырған кезде немесе жол полициясы қызметкерінің сұратуымен пайдалана аласыз. Ол үшін Kaspi.kz қосымшасындағы Мемлекеттік қызметтер сервисін → Цифрлық құжаттар деп ашыңыз.   

    Жаңартылды 26.02.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?