Көліктің техникалық құжатын ауыстыру
  • Иә. Егер көліктің техпаспортын жоғалтып алсаңыз, Kaspi.kz қосымшасында жаңа құжатқа өтінімді онлайн бере аласыз. Ол үшін Мемлекеттік қызметтер сервисіне → Көлік техпаспортын ауыстыру деп өтіп, экрандағы әрекеттерді орындаңыз.

     

    Мемлекеттік органдар өтініміңізді жұмыс уақытында бір сағаттың ішінде қарастырады. Сіз оның күйін Мемлекеттік қызметтер сервисі → Өтінімдерім бөлімінде тексере аласыз.

     

    Kaspi.kz қосымшасында сізге мемлекеттік органдардың шешімі жазылған хабарлама келеді. Хабарламада МХҚКО-ның мекенжайы көрсетіледі, ол жерден жаңа техпаспортты алып кете аласыз. МХҚКО-да жаңа құжатты алған кезде жоғалтып алғаныңыз туралы жазбаша өтініш жазуыңыз керек. Техпаспорттың ұрланғанын АІІБ берген анықтамамен растау керек. Бас тартқан жағдайда, смартфоныңыздың экранында себебі мен кейінгі әрекеттер бойынша ұсынымдар көрсетіледі.

     

    Жаңа техпаспортты алу үшін МХҚКО-ның қызметкеріне Kaspi.kz қосымшасындағы құжаттың берілуге дайын екені туралы хабарламаны көрсетіңіз. Сіз оның цифрлық нұсқасын кез келген уақытта мысалы, көлігіңізді сақтандырған кезде немесе жол полициясы қызметкерінің сұратуымен пайдалана аласыз. Ол үшін Kaspi.kz қосымшасындағы Мемлекеттік қызметтер сервисін → Цифрлық құжаттар деп ашыңыз. 

    Жаңартылды 26.02.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?