14 жасқа дейінгі балаларға тіркелу қажет емес. 16 жастан бастап баланың өзі Kaspi.kz мобильді қосымшасында тіркеуге сұрату жібере алады. 14 жастан 16 жасқа дейінгі балаңызды тіркеу үшін «Мемлекеттік қызметтер» сервисін ашыңыз — Тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару → Тіркеу.
Балаңызды тіркегіңіз келген тұрғын үйді таңдаңыз:
- басқа адамның пәтерінде немесе үйінде.
Егер тұрғын үйдің бірнеше меншік иесі болса, сізге ХҚКО-ға бару қажет.
Егер басқа адамның пәтерін немесе үйін таңдасаңыз, тіркеу түрін: уақытша немесе тұрақты, 14 пен 17 жас аралығындағы балаларды көрсетіңіз, содан кейін тұрғын үй иесінің ЖСН мен мекенжайын енгізіңіз.
Меншік иесі өзінің Kaspi.kz мобильді қосымшасында хабарлама алады. Ол сұратуыңызды 24 сағаттың ішінде растауы немесе қабылдамауы мүмкін. Мемлекеттік органдарға қарастыру үшін 15 минут уақыт қажет болады.
Мемлекеттік органдардың сұратуды қарастыру нәтижесі Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы хабарламада 15 минутта келеді. Онда мекенжайы мен тіркеу түрі жазылады — тұрақты немесе уақытша.
Тіркеу туралы шешімді тұрғын үйдің иесі қабылдайды. Егер бас тартса, онымен хабарласып, келісуге тырысыңыз. Осыдан кейін Kaspi.kz мобильді қосымшасына қайта сұрату жіберіңіз.