Мемлекеттік қызметтер сервисіне өтіңіз → Тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару → Тіркеу.
Тіркелгіңіз келетін тұрғын үйді таңдаңыз:
- басқа адамның пәтерінде немесе үйінде.
Егер тұрғын үйдің бірнеше меншік иесі болса, сізге ХҚКО-ға бару қажет.
Егер басқа адамның пәтерін немесе үйін таңдасаңыз, тіркеу түрін: уақытша немесе тұрақты, 14 пен 17 жас аралығындағы балаларды көрсетіңіз, содан кейін тұрғын үй иесінің ЖСН мен мекенжайын енгізіңіз.
Меншік иесі өзінің Kaspi.kz мобильді қосымшасында хабарлама алады. Ол сұратуыңызды 24 сағаттың ішінде растауы немесе қабылдамауы мүмкін. Меншік иесі растағаннан кейін мемлекеттік органдарға қарастыру үшін 15 минут уақыт қажет болады.
Мемлекеттік органдардың жауабы Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы хабарламада келеді. Онда мекенжайы мен тіркеу түрі жазылады — тұрақты немесе уақытша.
Тіркеу туралы шешімді тұрғын үйдің иесі қабылдайды. Егер бас тартса, онымен хабарласып, келісуге тырысыңыз. Осыдан кейін Kaspi.kz мобильді қосымшасына қайта сұрату жіберіңіз.