Өтінімді онлайн беру үшін «Мемлекеттік қызметтер» → «Баланың туу туралы куәлігін ресімдеу» сервисін ашып, экрандағы әрекеттерді орындаңыз.
Мемлекеттік органдар өтініміңізді екі жұмыс күні ішінде қарастырады. Егер өтінімді демалыс немесе мереке күні жіберсеңіз, мемлекеттік органдардан жауап бірінші жұмыс күні келеді.
Kaspi.kz мобильді қосымшасында сізге құжатты алып кететін ХҚКО-ның мекенжайы көрсетілген хабарлама келеді. Бас тартқан жағдайда өз смартфоныңыздың экранында одан кейінгі ұсыныстарды көресіз.
Туу туралы куәлікті алу үшін ХҚКО-ның қызметкеріне жеке куәлігіңіз бен Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы құжаттың беруге дайын екені туралы хабарламаны көрсетіңіз.
Туу туралы куәлік дайын болғаннан кейін Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Kaspi.kz мобильді қосымшасындағыKaspi.kz мобильді қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» → «Цифрлық құжаттар» сервисінде цифрлық құжатқа кіре аласыз. Сіз оны кез келген уақытта, мысалы, баламен бірге ішкі рейстерде ұшу үшін пайдалана аласыз.