• Салық шегерімдері - табыс салығын азайтуға мүмкіндік беретін жеңілдік. Олар екі түрлі болады:

     

    Стандартты

     

    Барлық жеке тұлғалар үшін – айына 14 АЕК және жылына 168 АЕК. Ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектігі бар тұлғалар, мүгедектігі бар балалардың және жетім балалардың қорғаншылары үшін – жылына 882 АЕК. 

    Егер жұмыс беруші сіз үшін салық төлеу кезінде қолданбаған болса ғана стандартты шегерімді көрсету қажет. Мұны салық органдарынан білуге болады. Мұны салық органында немесе жұмыс берушіден білуге болады.

     

    Басқалар

     

    • көп балалы отбасылар үшін – жылына 282 АЕК дейін (ата-ананың біріне айына 23,5 АЕК, әрқайсысына 11,75 АЕК);
    • өз пайдасына  және 21 жасқа толмаған (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта-арнайы және жоғары білім), асырауындағы адамдардың шығыстары бойынша - жылына 118 АЕК-ке дейін;
    • медицинаға  - жылына  ең көбі 118 АЕК;
    • ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыға   - жылына 118 АЕК-ке дейін;
    • МӘМС-қа жарналар және ерікті зейнетақы жарналары, сондай-ақ  АҚС аударымдар бойынша - төленген сомаға.

     

    ҚР Салық кодексінің 346-бабы

    Жаңартылды 20.08.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?