• Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру үшін Kaspi.kz қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» сервисіне «250-нысан бойынша декларация» деп өтіңіз. Деректерді көрсетіңіз:

     

    телефон нөмірі

     

    декларацияның түрі

    • бастапқы - бірінші рет беру кезінде;

    • кезекті - келесі салық кезеңі үшін;

    • қосымша - жаңа мәліметтерді немесе құжаттарды енгізу қажет болғанда;

    •хабарландыру бойынша қосымша  - егер салық органы қателерді анықтаса және оларды түзету қажет болса.

     

    тапсыру кезеңі

     

    салық төлеушінің санаты

     

    тұрақты тіркелген жері бойынша салық органы                  

    Өзіңіздікін 1414 нөмірі бойынша біле аласыз.

     

    Одан кейін экрандағы әрекеттерді орындаңыз.

     

    250-нысан бойынша декларацияда бар болса, мынадай активтер мен міндеттемелерді көрсетіңіз:

     

    Қазақстаннан тыс жерлерде

    жылжымайтын мүлік;

    көлік құралдары;

    шетелдік банктердегі шоттар мен депозиттердегі жалпы сомасы 1 000 АЕК-тен жоғары ақша.

     

    Қазақстанда және одан тыс жерлерде

    жылжымайтын мүлік құрылысына қатысу үлесі және АҚ-тан басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі;

    бағалы қағаздар, өндірістік қаржы құралдары (ӨҚҚ);

    цифрлық активтер;

    инвестициялық алтын;

    зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;

    10 000 АЕК немесе одан аз мөлшердегі қолма-қол ақша;

    дебиторлық, кредиторлық берешек;

    шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;

    бағалау құны 1 000 АЕК-тен жоғары басқа мүлік — өз қалауымен толтырылады.

     

    Мемлекеттік қызметтер → Өтінімдерім сервисінде өтінімнің мәртебесін тексере аласыз. Декларацияны тапсырғаннан кейін бір сағаттың ішінде Kaspi.kz қосымшасына сізге мемлекеттік органдардан: есептің қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы, оның себебі және одан кейінгі ұсынымдар туралы хабарлама келеді. Егер демалыс немесе мерекелік күндері өтінім берсеңіз, ол бірінші жұмыс күні келеді.

     

    Жаңартылды 07.09.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?