• Жеке тұлғаларды жалпыға бірдей декларациялау — бұл кірістер мен шығыстар туралы есептілік. Оны:

    • Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары;
    • салық резиденттері;
    • Қазақстанда бизнес жүргізетін бейрезиденттер тапсыруы тиіс.

     

    2023 жылғы 1 қаңтардан бастап кіріс туралы декларацияны мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы (зайыбы)  тапсырады.

     

    2024 жылы есептілікті ЖК, сондай-ақ ЖШС, басқа да заңды тұлғалардың құрылтайшылары немесе басшылары мен олардың жұбайы (зайыбы) тапсырады.

     

    2025 жылы — барлық жеке тұлғалар тапсырады.

     

    Бiрiншi рет 250-нысан бойынша активтер мен мiндеттемелер туралы есеп тапсыру керек.

    Әр келесі жылы кірістер мен мүлік туралы  270-нысан толтырылады. Онда қандай жаңа активтердің пайда болғанын және қайсысын сатқаныңызды хабарлауыңыз керек.

    Жаңартылды 20.08.2024
    Қолданушылардың 85% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?