• Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны беру үшін Kaspi.kz мобильді қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» сервисіне өтіп, «250-нысан бойынша декларация» деп басыңыз. Деректерді көрсетіңіз:

    • телефон нөмірі,
    • тұрақты тіркеу орны бойынша салық органы – өз салық органыңызды 1414 телефон нөмірі бойынша біле аласыз.

     

    Одан кейін экрандағы кейінгі әрекеттерді орындаңыз.

     

    Мынадай активтер мен міндеттемелер бар болса, оларды 250-нысан бойынша декларацияда көрсетіңіз:

     

    Қазақстанда және одан тысқары жерлерде

     

    инвестициялық алтын;

    10 000 АЕК немесе одан аз мөлшердегі қолма-қол ақша;

    сенімгерлік басқаруға берілген мүлік;

    жылжымайтын мүлік құрылысына үлестік қатысу;

    бағалы қағаздар, өндірістік қаржы құралдары (ӨҚҚ),

    цифрлық активтер;

    инвестициялық пай қорларындағы (ИПҚ) пайлар, зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;

    дебиторлық, кредиторлық берешек;

    бағалау құны 1 000 АЕК-тен артық басқа мүлік — өз қалауымен толтырылады.

     

    тысқары жерлерде

     

    жылжымайтын мүлік;

    көлік құралдары;

    шетелдік банктердегі шоттар мен депозиттердегі жалпы сомасы 1 000 АЕК-тен артық ақша;

    АҚ-тан басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі.

     

    Мемлекеттік қызметтер → Өтінімдерім сервисінде өтінімнің күйін тексере аласыз. Декларацияны тапсырғаннан кейін бір сағаттың ішінде Kaspi.kz мобильді қосымшасына сізге мемлекеттік органдардан: есептің қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы, оның себебі және одан кейінгі ұсынымдар туралы хабарлама келеді. Егер демалыс немесе мерекелік күндері өтінім берсеңіз, ол бірінші жұмыс күні келеді.

     

    banner

    Жаңартылды 09.09.2024
    Қолданушылардың 79% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?