• Мемлекеттік органдар баланың туу туралы куәлігін ресімдеуге өтініміңізді екі жұмыс күні ішінде қарастырады. Егер өтінімді демалыс немесе мереке күні жіберсеңіз, мемлекеттік органдардан жауап бірінші жұмыс күні келеді.

     

    Kaspi.kz қосымшасында сізге құжатты алып кететін ХҚКО-ның немесе Kaspi Postomat-тың мекенжайы көрсетілген хабарлама келеді. Бас тартқан жағдайда, смартфоныңыздың экранынан одан кейінгі ұсыныстарды көресіз.

     

    Сондай-ақ ақпаратты әрдайым Мемлекеттік қызметтер сервисіндегі → Өтінімдерім бөлімінен көруге болады.

     

    Назар аударыңыз: Kaspi Postomat-та туу туралы куәлікті Алматы, Астана және Шымкент қалаларында алуға болады. Қазақстанның басқа қалаларында біртіндеп іске қосылады.

    Жаңартылды 11.11.2025

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?