• Туу туралы куәлік Kaspi Postomat-та үш күн сақталады. Мерзімді тек бір рет 2 күнге ұзарта аласыз.

     

    Ол үшін бізге Kaspi Гидпен Чатқа жазыңыз.

     

    Kaspi.kz қосымшасында сізге жаңартылған мерзім көрсетілген хабарлама келеді. Сіз құжатты көрсетілген күнді қоса алғанға дейін алып кете аласыз.

     

    Егер қосымша уақыт жеткіліксіз болса, туу туралы куәлікті ХҚКО-дан алып кетуге болады. Kaspi.kz қосымшасында сізге оның мекенжайы көрсетілген хабарлама келеді. Сондай-ақ ақпаратты Мемлекеттік қызметтер → Өтінімдерім бөлімінен табуға болады.
     

    Баланың туу туралы куәлігін Kaspi Postomat-тан мына қалаларда ала аласыз: Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қонаев, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен және Шымкент.

    Жаңартылды 14.09.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?