• Kaspi.kz қосымшасында Kaspi QR сервисіне өтіп, Kaspi Postomat-тың экранындағы QR-кодты сканерлеңіз. Содан кейін баланың туу туралы куәлігі бар ұяшықтың есігі ашылады.
     

    Құжат Kaspi Postomat-та үш күн сақталады. Егер оны осы уақытта алып үлгермесеңіз, ол ХҚКО-ға жіберіледі.

     

    Баланың туу туралы куәлігін Kaspi Postomat-тан мына қалаларда ала аласыз: Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қонаев, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен және Шымкент.

    Жаңартылды 14.09.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?