• Баланың туу туралы куәлігін алуға өтінім берген кезде жеткізу тәсілін Kaspi Postomat деп таңдап, картада қажеттісін көрсетіңіз.

     

    Өтінімнің күйін Kaspi.kz қосымшасындағы Мемлекеттік қызметтер → Өтінімдерім бөлімінен көруге болады.

     

    Құжат Kaspi Postomat-қа жеткізілгенде, Kaspi.kz қосымшасында оны қашанға дейін алуға болатын күні көрсетілген хабарлама келеді.
     

    Құжатты Kaspi Postomat-тың ұяшығынан  алу үшін, Kaspi.kz қосымшасында Kaspi QR сервисіне өтіп, құрылғының экранындағы QR-кодты сканерлеңіз.

     

    Туу туралы куәлік Kaspi Postomat-та үш күн сақталады. Егер оны осы уақытта алып үлгермесеңіз, ол ХҚКО-ға жіберіледі.
     

    Баланың туу туралы куәлігін Kaspi Postomat-тан мына қалаларда ала аласыз: Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қонаев, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен және Шымкент.

    Жаңартылды 14.09.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?