• Иә. Kaspi.kz қосымшасында өзіңізді шетелге шығуға бұғат салынғандардың тізімінен тексере аласыз:

     

    1. «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Атқарушылық іс жүргізуге ақы төлеу» қызметін таңдаңыз;
       
    2. ЖСН енгізіп, «Тексеруді» басыңыз. Егер берешегіңіз болса, экранда ол туралы ақпарат ашылады: іс жүргізу нөмірі, елден шығуға шектеудің бар-жоғы, қарыз сомасы, сот орындаушысына төлем және шығындар;
       
    3. шетелге шығуға бұғат салынғандардың тізімінен шығу үшін сот берешегін өтеу керек. Ол үшін төлеу тәсілін таңдап, төлемді растаңыз;
       
    4. Төлегеннен кейін 30 минуттан соң шетелге шығуға бұғат салынғандардың тізімінен алынасыз.


    Назар аударыңыз: Kaspi.kz-те алимент өндіріп алу туралы, заңды тұлғалардан өндіріп алу туралы істерді, сондай-ақ мүліктік емес сипаттағы — борышкерден белгілі бір сома талап етілмейтін істерді, мысалы, қоныс аударту туралы немесе жұмысқа қайта алу туралы істерді қарай алмайсыз.

    Жаңартылды 24.06.2025

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?