• Жоқ. Баламның Kaspi Gold-ына басқа адамның ақша аударымын бұғаттауға болмайды. 

     

    Соманы қайтаруға болады. Ол үшін баланың смартфонында Kaspi.kz қосымшасын ашып, Жеке Банк сервисіне → Kaspi Gold → Көшірме деп өту керек, қажетті аударымды таңдап, «Жөнелтушіге аударымды қайтару» деп басу керек.

     

    Қажет болса, белгілі бір адамның балаға жазуына тыйым салуға болады. Ол үшін баланың смартфонында Kaspi.kz қосымшаңызда Хабарлама сервисін → Балаға арналған Kaspi Gold деп ашыңыз.

     

    Ақша салу туралы хабарламаның астындағы үш нүктені басып, қалқып шығатын мәзірден «Осы жөнелтушіден келген хабарламаны бұғаттау» дегенді таңдаңыз. Балаға бұрынғыдай осы адамнан ақша түсе береді, бірақ ақша аударған кезде хабарлама келмейді. 

    Жаңартылды 05.01.2026

    Қолданушылардың 93% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?