Қауіпсіздік
Иә. 3D Secure Балаға арналған Kaspi Gold-қа автоматты түрде қосылған.
Бала интернетте зат сатып алғанда не картадан ақша аударғанда сізге бірретік код — 3D Secure Code бар хабарлама келеді. Операцияны нақты сіздің балаңыз жасайтынын растау үшін оны енгізу керек. Хабарлама Балаға арналған Kaspi Gold-ты ресімдегенде сіз көрсеткен нөмірге келеді.
Кейбір сайттарда 3D Secure автоматты түрде операцияны тексереді және кодты енгізбей-ақ оны растайды. Егер сайт бұл технологиямен жұмыс істемесе, 3D Secure Code енгізудің керегі жоқ, сондықтан онымен хабарлама келмейді.
Жаңартылды 23.11.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?