Қауіпсіздік
3D Secure — бұл интернетте балаға арналған Kaspi Gold-пен сатып алғанда және ақша аударғанда қосымша қорғайтын технология.
Бала интернетте картамен төлеген кезде сізге алты таңбалы бірреттік хабарлама келеді — бұл 3D Secure Code. Операцияны сіздің балаңыз жасайтынын растау үшін оны енгізу керек. Хабарлама балаға арналған Kaspi Gold-ты ресімдегенде сіз көрсеткен нөмірге келеді.
Кейбір сайттарда 3D Secure автоматты түрде операцияны тексереді және кодты енгізбей-ақ оны растайды. Егер сайт бұл технологиямен жұмыс істемесе, 3D Secure Code енгізудің керегі жоқ, сондықтан онымен хабарлама келмейді.
3D Secure-ге Балаға арналған Kaspi Gold автоматты түрде және тегін қосылады.
Жаңартылды 23.11.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?