Ол үшін Сізде Kaspi Gold болуы керек.
Kaspi.kz қосымшасының басты бетінде Балаға арналған Kaspi Gold → Балаға арналған Kaspi Gold ресімдеу деп басыңыз.
Kaspi ЭЦҚ арқылы «Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім» құжатына қол қойыңыз. Бұл балаңыздың деректері Kaspi.kz қосымшасында көрінуі үшін керек.
Бірнеше балаңыз болса, Kaspi Gold ресімдейтін балаңызды таңдаңыз, оның телефон нөмірін көрсетіп, ақпаратты растаңыз.
Балаңызға коды бар SMS келеді. Кодты енгізіп, экрандағы келесі қадамдарды орындаңыз.
Kaspi.kz қосымшасында ресімдеп болған соң, картаны Kaspi Kartomat-тан алыңыз. Өзіңізбен бірге тек смартфоныңыз болса жеткілікті. Баланы ертіп бару міндетті емес.
Балаңызға арналған атаулы Kaspi Gold 60 секундта дайын болады.
Жаңартылды 09.07.2026Қолданушылардың 89% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Алу