Баланың Kaspi Gold каратсының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күн бұрын сіз өзіңіздің Kaspi.kz қосымшаңызда хабар аласыз.
Картаның алдыңғы бетінде
Қолданылу мерзімі АА/ЖЖ форматында көрсетіледі. Мысалы, 10/26 картаның 2026 жылғы 31 қазанға дейін жарамды екенін білдіреді.
Kaspi.kz қосымшасында
Kaspi.kz-тегі Жеке Банк → Kaspi Gold бөліміне өтіңіз. Қолданылу мерзімін «Ақпарат» бөліміндегі «Карта мен шот деректемелері» қойындысынан көресіз.
Егер Kaspi Gold картасының қолданылу мерзімі аяқталса, оны Kaspi.kz қосымшасында немесе кез келген Kaspi Kartomat-та қайта шығарыңыз. Бұл шамамен 60 секунд алады және тәулік бойы қолжетімді. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін қайта шығару тегін.
Назар аударыңыз: картаны қайта шығаруды тек Kaspi.kz қосымшасында Балаға арналған Kaspi Gold картасын рәсімдеген ата-ана немесе қамқоршы ғана жасай алады.
Жаңартылды 01.07.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Қайта шығару