Kaspi Gold-ты қайта шығарыңыз. Бұл 60 секунд алады және тәулік бойы қолжетімді. Оны мына тәсілдердің бірімен жасауға болады:
Kaspi Kartomat-та
Құрылғы экранынан «Kaspi Gold алу» батырмасын басып, балаңыздың картасын таңдаңыз. Баланы өзіңізбен бірге алып келудің қажеті жоқ.
Kaspi.kz қосымшасында
Kaspi.kz-тегі Жеке Банк → Балаға арналған Kaspi Gold → Балаға арналған Kaspi Gold-ты қайта шығару бөліміне өтіңіз. Жаңа деректемелер бірден дайын болады. Оларды «Ақпарат» бөлімінен көресіз.
Қажет болса, кез келген Kaspi Kartomat-тан жаңа деректемелері бар пластикалық Балаға арналған Kaspi Gold картасын тегін ала аласыз. Осыдан кейін Kaspi.kz қосымшасында шығарылған карта жұмысын тоқтатады.
Екі жағдайда да фотоверификациядан өту керек.
Қайта шығару құны — 1 995 теңге. Сома бірден сіздің Kaspi Gold картаңыздан есептен шығарылады. Егер қаражат жеткіліксіз болса, сома картаны келесі толықтырған кезде есептен шығарылады.
Назар аударыңыз: картаны тек Kaspi.kz қосымшасында Балаға арналған Kaspi Gold картасын рәсімдеген ата-ана немесе қамқоршы ғана қайта шығара алады.
Жаңартылды 02.07.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Қайта шығару