Бұған бірнеше себеп болуы мүмкін:
Бала Балаға арналған Kaspi Gold картасын Google Pay-ге қоспаған
Оны Kaspi.kz қосымшасында қосуға болады: Kaspi.kz-тегі Жеке Банк → Балаға арналған Kaspi Gold. Баладан «Google Pay-ге қосу» батырмасын басып, экрандағы қадамдарды орындауын сұраңыз.
Ақша жеткіліксіз
Kaspi Gold-ты толықтырып, қайта төлеп көріңіз.
Картаның жарамдылық мерзімі аяқталған
Картаның алдыңғы жағындағы жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Қажет болса, ата-анасы немесе қамқоршысы Kaspi Gold картасын Kaspi Картоматта 60 секундта қайта шығара алады. Баланы бірге алып барудың қажеті жоқ.
Интернеттегі сатып алуға қойылған лимиттен асқан
Балаға қойылған лимитті кез келген уақытта Kaspi.kz қосымшасында өшіруге немесе өзгертуге болады: Kaspi.kz-тегі Жеке Банк → Балаға арналған Kaspi Gold.
Төлем жасалған елге шектеу қойылған
Visa төлем жүйесінің талаптарына сай Замбия, Нигерия, Гана, Сьерра-Леоне және Либериядан интернет арқылы жасалған сатып алулар қабылданбауы мүмкін.
Төлем онлайн-казиноға немесе букмекерлік кеңсеге жасалып жатыр
Балаға арналған Kaspi Gold-пен құмар ойындарға төлеуге тыйым салынған.
ҚР «Ойын бизнесі туралы» заңының 6-бабы 2-тармағы
ҚР «Ойын бизнесі туралы» заңының 15-бабы 1-тармағы
Бала криптовалюта сатып алмақшы
Компанияның Қазақстанда қызмет етуге лицензиясы болмаса, Kaspi Gold-пен криптовалюта сатып алуға болмайды. Заң бойынша қамтамасыз етілген цифрлық активтермен операцияларды «Астана» халықаралық қаржы орталығының лицензиясы бар компаниялар ғана жүргізе алады.
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» заңның 8-бабы
Сіз ҚР Ұлттық Банкінің антифрод-орталығының тізіміндесіз
Құқық қорғау органдары (ІІМ) алаяқтыққа ұқсас операциялар жасаған клиенттерді осы тізімге енгізеді. Мұндай жағдайда Kaspi.kz операцияларды қабылдамауға міндетті.
«Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулы
Осы сатушыдан сатып алу қолжетімсіз
Операция қауіпсіздік тексеруінен өтпесе, Kaspi.kz төлемге шектеу қоюы мүмкін.
Осы себептердің ешқайсысы сәйкес келмесе, Kaspi.kz қосымшасындағы Kaspi Гидпен Чатқа жазыңыз. Сізге көмектесуге тырысамыз.
Жаңартылды 30.06.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Google Pay