Бұған бірнеше себеп болуы мүмкін:
Балаға арналған Kaspi Gold-ты Apple Pay-ге қоспаған
Оны Kaspi.kz қосымшасында қосуға болады: Kaspi.kz-тегі Жеке Банк → Балаға арналған Kaspi Gold. Балаңыздан «Apple Pay-ге қосу» батырмасын басып, экрандағы нұсқауларды орындауын сұраңыз.
Ақша жеткіліксізKaspi Gold-ты толықтырып, төлемді қайталаңыз.
Картаның жарамдылық мерзімі аяқталған
Картаның алдыңғы жағынан жарамдылық мерзімін тексеріңіз.
Қажет болса, ата-анасы немесе қамқоршысы Балаға арналған Kaspi Gold картасын Kaspi Картоматта 60 секундта қайта шығара алады. Баланы бірге ертіп барудың қажеті жоқ.
Интернеттегі сатып алуға қойылған лимиттен асып кетті
Балаға қойылған лимитті Kaspi.kz қосымшасында кез келген уақытта өшіруге немесе өзгертуге болады: Kaspi.kz-тегі Жеке Банк → Балаға арналған Kaspi Gold.
Операция жасалған елге шектеу қойылған
Visa төлем жүйесінің талаптарына сәйкес Замбия, Нигерия, Гана, Сьерра-Леоне және Либериядан интернет арқылы жасалған сатып алулар қабылданбауы мүмкін.
Онлайн-казиноға немесе букмекерлік кеңсеге төлем жасалып жатыр
Балаға арналған Kaspi Gold-пен құмар ойындарға төлем жасауға тыйым салынады.
ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағы»
ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңының 15-бабы 1-тармағы»
Бала криптовалюта сатып алғалы жатыр
Компанияның Қазақстанда жұмыс істеуге лицензиясы болмаса, Kaspi Gold-пен криптовалюта сатып алуға тыйым салынады. Заң қамтамасыз етілген цифрлық активтермен операция жасауға «Астана» халықаралық қаржы орталығының лицензиясы бар компанияларға ғана рұқсат береді.
ҚР «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Заңының 8-бабы»
Сіз ҚР Ұлттық Банкінің Антифрод-орталығының тізіміндесіз
Құқық қорғау органдары алаяқтыққа ұқсайтын операциялар жасайтын клиенттерді осы тізімге енгізеді. Мұндай жағдайда Kaspi.kz оларды қабылдамауға міндетті.
«Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулы
Сатушыдан сатып алу қолжетімсіз
Операция қауіпсіздік тексеруінен өтпесе, Kaspi.kz төлемге шектеу қоюы мүмкін.
Себептердің ешқайсысы сәйкес келмесе, Kaspi.kz қосымшасындағы Kaspi Гидпен Чатқа жазыңыз. Көмектесуге тырысамыз.
Жаңартылды 30.06.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Apple Pay