• Иә. Тіпті Kaspi Gold картаңыздың қолданылу мерзімі өтіп кетсе де, Вьетнамда Kaspi QR сервисі арқылы сатып алған заттың ақысын төлей аласыз.

     

    Ол үшін Kaspi.kz қосымшасында Kaspi QR сервисін ашып, сатушының QR-кодын сканерлеңіз.

     

    Соманы енгізіп, сатып алғаныңызды растаңыз.

     

    Сатып алған заттың ақысы донгпен төленеді. Қажетті сома автоматты түрде айырбасталып, төлеген сәттегі өзекті бағам бойынша Kaspi Gold-тан теңгемен есептен алынады. Айырбастау бағамы, донгтағы және теңгедегі сома сатып алуды растар алдында көрсетіледі.

     

    Назар аударыңыз: 2025 жылғы 19 қаңтардан бастап картаны алған немесе оны қайта шығартқан бейрезиденттер үшін Kaspi Gold-тың қолданылу мерзімі — 1 жыл. Карта мен Kaspi.kz сервистерін ары қарай пайдалану үшін картаны бөлімшеде қайта шығару қажет.

    Жаңартылды 18.09.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?