Kaspi.kz мобильді қосымшасында Жинақтаушы Kaspi Депозитті онлайн ашыңыз.
Депозитті басқа банктен Kaspi.kz-ке мына тәсілдердің біреуімен аударыңыз:
1) Басқа банктің картасынан Kaspi Gold-қа.
Егер басқа банктегі депозит картаға тіркелсе және сізде Kaspi Gold болса, солай жасауға болады. Егер Kaspi Gold картасы болмаса, оны Kaspi.kz мобильді қосымшасында онлайн ашыңыз.
Басқа банктің картасынан депозитке ақша салу үшін бірнеше рет ақша аударыңыз:
- депозиттен басқа банктің картасына;
- Kaspi.kz мобильді қосымшасында картадан Kaspi Gold-қа;
- Kaspi Gold-тан Kaspi Депозитке аударыңыз.
Kaspi Gold-қа және өз шоттарының арасында ақша аудару әрдайым комиссиясыз. Назар аударыңыз: жөнелтуші банк аударымды жөнелткені үшін комиссия алуы мүмкін.
2) Басқа банктің кассасынан қолма-қол ақша алу және Жинақтаушы Kaspi Депозитке Kaspi.kz бөлімшесінде ақша салу.