Иә. Сіз Kaspi.kz-те сенімхат бойынша ҚР кәмелетке толған азаматтарына және шетелдіктерге депозит аша аласыз. Депозитті кез келген Kaspi.kz бөлімшесінде дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін ашуға болады.
Мына құжаттар қажет болады:
- жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;
- клиенттің өзінің атынан берілген сенімхаттың түпнұсқасы, онда банктерде ағымдағы және жинақ шоттарын ашу құқығы көрсетілуге тиіс;
- егер клиент бұрын Kaspi.kz-те депозит ашпаған болса, клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариатта куәландырылған көшірмесі немесе түпнұсқасы. Егер Kaspi.kz-те депозит болған немесе бар болса, клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттар талап етілмейді.
Сенімхаттың үлгісін мына жерден көруге болады.
Басқа адамға депозитті онлайн ашу мүмкін емес.