• Жинақтаушы Kaspi Депозит — баланың білім алуы, автокөлік сатып алу, ипотека бойынша бастапқы жарна сияқты ұзақмерзімді мақсатқа Kaspi.kz ұсынатын ең тиімді салым.
     

    Депозитті Kaspi.kz қосымшасында онлайн немесе кез келген Kaspi.kz бөлімшесінде 5 минутта аша аласыз.
     

    Жылдық тиімді мөлшерлеме 20%-ды құрайды.


    Ашуға болатын ең аз сома — 100 000 теңге.
     

    Мерзімі — 3 ай.
     

    Салымға кез келген Kaspi Терминал, Kaspi Банкомат арқылы немесе бүкіл еліміздегі Kaspi.kz бөлімшесінде, сондай-ақ Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Gold-тан картасынан не өзіңіздің басқа депозитіңізден аударып, ақша сала аласыз.

     

    Жинақтаушы Kaspi Депозиттен сыйақыны жоғалтпай, ақшаны тек салымның мерзімі ұзартылған күні алуға болады. Егер мерзімінен бұрын алса, пайыз төленбейді — бұл шарттың талабы.

     

    Kaspi.kz-тегі депозиттерді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сақтандырған.

     

    Ай сайынғы пайыз есептелгені, салым мерзімі ұзартылғаны, ақша алу немесе толықтыру туралы хабарламалар сізге Kaspi.kz қосымшасында келеді.

     

    Салым бойынша барлық операцияны Kaspi.kz-тегі «Жеке Банк» сервисінен көре аласыз.

    Жаңартылды 17.02.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?