Жоқ. Сіз көлік сатқаннан түскен ақшаны әлемнің кез келген банкоматынан, Kaspi Банкоматтарда немесе кез келген Kaspi бөлімшесінің кассасында комиссиясыз ала аласыз.
Kaspi Gold-тан тәулігіне 2 миллион теңгеге дейін ала аласыз.
• Kaspi Банкоматтарда 2 миллион теңгеге дейін
• басқа банктердің банкоматтарында 1 миллион теңгеге дейін ала аласыз.
Назар аударыңыз: Kaspi Gold картасымен аударым, төлем, зат сатып алу немесе қолма-қол ақша алу сияқты кез келген операцияны жүргізсеңіз, көлік сатқаннан түскен ақшаңыз бірінші кезекте азаяды.
Қолма-қол комиссиясыз алуға болатын соманы Kaspi.kz-тегі «Жеке Банк» бөлімінен білуге болады: «Kaspi Gold» → Ақпарат → Қолма-қол ақша алуға лимит.
2 000 000 теңгеден көп ақшаны алу үшін 9999 нөмірі арқылы тапсырыс беріп, қандай Kaspi бөлімшесінен ақшаны алып кету ыңғайлы екенін операторға айту керек.
Ақшаға:
- 18:00-ге дейін тапсырыс бергенде, келесі күні жеткізіледі;
- 18:00-ден кейін тапсырыс бергенде, бір күннен кейін жеткізіледі.