Зат сатып алу
  • Мұның бірнеше себебі болуы мүмкін:

     

     

    • Сіз әлі алақанды қоспадыңыз
      Мұны Kaspi.kz бөлімшелерінде қосуға болады. Менеджерге хабарласыңыз, ол сізге сервисті қосуға көмектеседі.

     

    • Сіз төлеу үшін басқа қолды пайдаланасыз
      Тек бір алақанды қосуға болады.
       
    • Зат сатып алуға белгіленген лимиттен асып кеттіңіз
      Kaspi.kz қосымшасында Қызметтер → Kaspi Alaqan → Бір айға ақы төлеуге лимиттер → Лимитті өзгерту деп өтіңіз. Қажетті соманы таңдап, «Қолдану» деп басыңыз.  

     

    • Сіз қате PIN-кодты енгізіп тұрсыз
      Қайта енгізіп көріңіз немесе Kaspi.kz қосымшасында оны өзгертіңіз. Ол үшін Қызметтер → Kaspi Alaqan өтіп, «PIN-кодты ауыстыру» деп басыңыз, жаңасын ензігіп, әрекетті растаңыз.
       
    • Қол өте суық
      Алақаныңызды жылытып, оны қайтадан камераға жақындатып көріңіз.

     

    • Алақан зақымданған - терең күйік, жара бар немесе ол таңылған
      Kaspi Alaqan-да оны басқасына ауыстырып, төлем жасай аласыз.

     

    • Қол өте кір
      Алақаныңызды тазалап, сатып алу ақысын қайта төлеп көріңіз.
       
    • Kaspi Alaqan бұғатталған
      Ол үшін Kaspi.kz қосымшасында Қызметтер → Kaspi Alaqan бөліміне өтіп, «Kaspi Alaqan-ды бұғаттан шығару» батырмасын басып, әрекетті растаңыз.

     

    • Сіз ҚР Ұлттық банкінің антифрод-орталығы тізіміндесіз

    Құқық қорғау органдары (ІІМ) бұл тізімге алаяқтық белгілері бар операциялар жасаған клиенттердің ЖСН-ін енгізеді. Осындай жағдайда Kaspi.kz операцияларды қабылдамайды.
    «Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулы

     

    Егер себептердің ешқайсысы сәйкес келмесе, Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Гидпен Чатқа жазыңыз, біз көмектесуге тырысамыз.

     

    Жаңартылды 30.04.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?