Қосылу
Мұның бірнеше себебі болуы мүмкін:
- Сіз бұл алақанды қосып қойдыңыз
Енді сіз Kaspi.kz серіктестерінен сатып алу ақысын төлей аласыз, сондай-ақ Kaspi Банкоматтарда ақша алып, шоттарды толықтыра аласыз. Егер сіз мұны басқа алақанмен орындағыңыз келсе, оған Kaspi Alaqan-ды қосыңыз. Ол үшін смартфон экранындағы нұсқауларды орындаңыз.
- Қол камераға тым жақын немесе алыс
Kaspi Alaqan экранындағы нұсқауларды орындаңыз.
- Алақаны өте суық
Алақанды жылытып, оны қайтадан камераға жақындатып көріңіз.
- Қол зақымданған — терең күйік, жара бар немесе ол таңылған
Сіз басқа алақанды қоса аласыз.
- Алақан өте кір
Оны тазалап, әрекетті қайталаңыз.
- Kaspi.kz қосымшасының нұсқасы ескірген
Алақанды қосу үшін оны жаңартыңыз.
- Kaspi.kz қосымшасына қайда орналасқаныңызды анықтауға тыйым салдыңыз.
Kaspi.kz-ке геопозицияны қолдануға рұқсат етіңіз.
Android: құрылғының баптауларына өтіңіз. Қосымшалар тізімінде Kaspi.kz → Рұқсаттар → Тағы → Барлық рұқсат деп таңдаңыз.
iOS: Баптауларды ашыңыз → Kaspi.kz → Геопозиция → Қосымшаны пайдаланған кезде.
Жаңартылды 02.11.2025Қолданушылардың 98% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
- Сіз бұл алақанды қосып қойдыңыз