Kaspi.kz-тегі «Хабарландыру» сервисінде «Беру» батырмасын басыңыз.
Содан кейін:
- Атауын ойлап табыңыз.
Ол 5-тен 75-ке дейінгі таңбадан тұруы мүмкін. Атауын бас әріптермен жазуға және жалақыны көрсетуге болмайды.
- «Жұмыс» санатында «Бос жұмыс орындары» немесе «Түйіндеме» деп таңдаңыз.
- Қалайтын лауазымыңыз туралы ақпаратты толтырыңыз: қызмет саласы, мамандық, жұмыс тәжірибесі және жұмыс кестесі.
Жасыңызды енгізіп, сипаттаманы қосыңыз - кемінде 20 таңба.
- Теңгемен жалақыны және төлем кезеңін көрсетіңіз: ай, ауысым, күн немесе сағат үшін.
- Байланыс мәліметін қалдырыңыз.
Қажет болса, қаланы өзгертіңіз. Жұмыс ізденушілер хабарласа алатын телефон нөмірін қосыңыз. Kaspi.kz мобильді қосымшасында тіркелгенде көрсеткен нөмір автоматты түрде таңдалады. Сіз оны қалдыра аласыз немесе жаңасын енгізе аласыз.
- «Хабарландыру беру» батырмасын басыңыз.
Хабарландыру берілгеннен кейін 5 минуттан соң жарияланады. Сізге бұл туралы Push-хабарлама келеді. Сондай-ақ, оны Kaspi.kz мобильді қосымшасындағыKaspi.kz мобильді қосымшасындағыKaspi.kz мобильді қосымшасындағы «Хабарландыру» сервисінен қарай аласыз.